Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы С-О-4 санаты, (индекс: ОПОИОР-1), 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

С-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен департаменттің мүдделерін білдіру; Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында департаменттің (лауазымды тұлғаның) қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдау және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізу; Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау, сондай-ақ белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініш беру; Заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралардың қабылдануын бақылауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және басқа да құзыретті органдар әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына ұсыныстар дайындауға қатысу; Департаменттің бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша департаменттің құқықтық актілері мен құжаттарының жобаларын дайындау; Жоғары тұрған ұйымның тапсырмасы бойынша орындалатын Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Департаментте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды өткізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу; Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Департамент құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Департамент атынан түсініктеме дайындау; Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің департаментіне келіп түсетін жүйелендірілген есепке алуу және сақтауға қатысу; Департамент қызметкерлеріне олардың жұмысына қатысты құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу, сондай-ақ Департаменттің лауазымды тұлғалармен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қаралуына бақылауды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың сыни ескертулеріндегі өтініштерін талдау және қорытынды жасау, жұмысты жетілдіру және жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептерді жою мақсатында қоғамдық пікірді зерделеу. Жер заңнамасының нормаларын түсіндіру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау. Бөлім қызметкерлерінің қызметін және орындауға түскен өтініш, хаттардың сапалы, уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады. Департамент басшылығының басқа да өкілеттіктерін жүзеге асыру. Word, Excel, E mail, Internet, «Электрондық Үкімет» бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу.

«Б» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.12.2023 – 12.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу орны

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі №26

Анықтама алу үшін байланыс

телефон: 8 (7282) 32-93-45