Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шығыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік, индексі ОГКЗИИОЗ-1 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2025 жылғы 14 шілдеге дейін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкердің мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

С-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • маркшейдрлік ісі

Функционалды міндеттер

Бөлімге тиісті басшылық жасайды;

Бөлім жұмысына талдау жасау, мақсаттарын анықтау және соның негізінде бөлім жұмысын жоспарлау;

Жер ресурстарын басқару комитетіне бекітілген нысан бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептердің уақтылы дайындалуына және ұсынылуына бақылауды жүзеге асырады;

Қабылданған шешімдердің, жоспарлардың, бақылау құжаттарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануының алдын алу және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу;

Бөлім қызметкерлерімен өткізілетін тексерулердің заңдылығына және шаралар қабылдауға бақылауды жүзеге асырады;

Қажет болған жағдайда мамандармен бірлесіп Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 147, 148-баптарында, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 13-тарауында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген құқықтар мен міндеттерді сақтау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау, лауазымды тұлғалардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауын бақылауды жүзеге асыру және лауазымдық нұсқаулықпен айқындалған міндеттердің, функциялардың орындалуына жауапты болады.

 

А блогы

              

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.12.2023 – 11.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу орны

Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы 152

Анықтама алу үшін байланыс

87751392877, 87764764616