Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті Персоналды дамыту басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 08.06.2020 ж. бастап 19.02.2023 ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

    1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

    2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

    Функционалды міндеттер

    Басқарма жұмысымен байланысты құжаттарды дайындау, іс қағаздарының жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету; басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрлік басшыларының құжаттарын, міндеттерін және тапсырмаларын уақтылы орындау; Министрлік қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалармен наградтау бойынша құжаттарды даярлау және орындау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап дайындау, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын уақтылы орындау; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерді сақтауын бақылау; мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау жұмыстарын жүргізу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін персоналды басқару бағыты бойынша бағалау материалдарын дайындау; Министрліктің қызметкерлерін бағалау материалдарын дайындау және комиссия отырысын ұйымдастыру; кадрлардың жай-күйі мониторингі бойынша статистикалық есептер жасау; мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның шешімдерін рәсімдеу; әскери міндеттілерді әскери есепке алуды жүргізу; бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуге материалдар дайындау және қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы жүйесі қызметкерлерін ведомстволық наградамен наградтау бойынша құжаттарды дайындау және орындау; қызметкерлерге қызметтік рұқсатнама және қызметтік куәліктер дайындау және беру; Министрлік қызметкерлеріне материалдық көмек бөлу және үстемеақылар белгілеу жөніндегі комиссия шешімдерін рәсімдеу.

    Жарияланған күні: 08.07.2020

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    09.07.2020 – 13.07.2020
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

      Құжаттарды жіберу

      Сұхбаттасу орны

      Нұр-Сұлтан қаласы

      Анықтама алу үшін байланыс

      анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

      e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz