Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, санаты С-О-1, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-1 (Басшы)

Орташа лауазымдық айлықақы

182456 - 246519

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  7. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Инспекцияның қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап береді; реттелетін саладағы мемлекеттің аграрлық саясатын, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, ғылыми-техникалық және өзге де бағдарламалар мен жобаларды іске асырады; өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырады; техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитарлық мониторингті ұйымдастырады, фитосанитарлық іс-шараларды, фитосанитарлық есепке алу жүргізуді ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес өсімдіктерді қорғау және карантин, астық нарығын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізеді; өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалардың және талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді; Республика аумағын карантин аймағынан немесе шет елдерден карантиндік объектілердің енуінен немесе өз бетімен кіруінен қорғауды ұйымдастырады; карантиндік объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою және карантинге жатқызылған өнiмдi зарарсыздандыру жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады; фитосанитариялық есепті жүргізеді және ұйымдастырады; Инспекцияның құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекция (бөлімшелер) басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды; Инспекция басшысының орынбасарынан басқа облыстық және аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады; Инспекция басшысының орынбасарынан басқа облыстық және аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және оларға тәртiптiк жаза қолданады; бұйрықтарға қол қояды; Инспекцияның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережені, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялар туралы үлгілік ереже негізінде Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары туралы ережені бекітеді; Комитеттің келісімі бойынша өсiмдiктер карантині жөнiндегi фитосанитарлық бақылау бекеттердің тізбесін және олардың орналасқан жерлерін айқындайды, өсімдіктер карантині жөніндегі фитосанитариялық бақылау бекеттер туралы ережелерді бекітеді; заңнамада белгіленген тәртіппен іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақы белгілеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді; өз құзыреті шегінде Инспекциядағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекетіне қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауап береді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.07.2020 – 10.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz