Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Тамақ өнімдері қауіпсіздігі басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), № УБПП - 3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

3.1. Тамақ қауіпсіздігі және инспекциялық жұмыс саласындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;

3.2. Тамақ қауіпсіздігі және инспекциялық жұмыс саласындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қарайды;

3.3. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды үйлестіреді;

3.4. Ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын келіседі;

3.5. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша шет елдердің ветеринариялық қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

3.6. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

3.7. Уәкілетті органдармен Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша бірлескен нормативтік құқықтық актілерді іске асыруға қатысады;

3.8. Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өтініш берушілерге жауаптар жібереді;

3.9. Басқарманың құзыретіне кіретін Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

3.10. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде ұсыныстар енгізеді;

3.11. Басқарманың жұмыс жоспарын жасайды;

3.12. Басқарманың құзыреті шегінде кеңестерге, отырыстарға және алқаларға презентациялық материалдарды дайындауға қатысады;

3.13. Мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау бойынша мемлекеттік ветеринариялық зертханалар қызметінің жүзеге асырылуын бақылайды;

3.14. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау;

3.15. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3.16. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 31.10.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.11.2023 – 03.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБМВ

Сұхбаттасу күні

08.11.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 2-кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945