Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы мерзіміне 2024 жылғы 4 ақпанға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

218205

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Жоғарғы "құрылымдық және қолданбалы лингвистика" бойынша білім

Функционалды міндеттер

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу; Министрлікте мемлекеттік тілді дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; Министрліктің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерін, жоғары тұрған органдарға жолданатын хат-хабарларды жедел, уақтылы және сапалы редакциялау; мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау кезінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету; жоғары тұрған және басқа мемлекеттік органдардан келген бақылаудағы құжаттарға жауап дайындау; Министрлік пен оған ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағалау жұмыстарын ұйымдастыру; Министрліктің орталық аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін мемлекеттік тілді оқыту курсын ұйымдастыруға қатысу; Министрліктің салалық терминологиялық жұмыс тобының жұмысын жүргізу; мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және дайындауға қатысу; Министрдің баяндамалары мен сөздерінің мәтіндерін дайындауға қатысу және аудару; Министрліктің және оған ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелердің іс-қағаздарын латын әліпбиіне көшіруге дайындық жұмыстарын жүргізу және көшіруді ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарында Министрлікте тіл саясатына қатысты атқарылған шаралар туралы материалдар жариялау; Департамент, Басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.10.2023 – 26.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-918