Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 10 ақпанға дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
298134
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастыруды жүзеге асырады; Министрліктің даму жоспары, Министрліктің операциялық жоспары, Премьер-Министр мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында меморандум, Министрліктің «Мақсаттар кескіні», Министрліктің Басқарушылық есептілік картасы, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген Агроөнеркәсіптік кешен көрсеткіштерін есептеу әдістемесі, Департаменттің жылдық жоспары, Басқарманың жұмыс жоспарын жүзеге асырады; Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысады; Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыру бойынша мониторингтік және талдамалық есептерді қалыптастырады (Қазақстан Республикасы Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама, мемлекеттік бағдарламалар, Министрліктің даму жоспары және т.б.); Министрліктің дамытатын салалардағы ахуал туралы талдамалық есептерді қалыптастырады; Агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту бойынша олардың мониторингі мен талдауын жүзеге асыру негізінде ұсыныстар әзірлейді; Министрлік нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізеді; Статистикалық жұмыстар жоспарын әзірлеуге қатысады; Агроөнеркәсіптік кешендегі статистиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; Ауыл шаруашылығы министрінің халық алдында жыл сайынғы есеп беру кездесулерін өткізуге қатысады; Министрліктің операциялық жоспарын, Департаменттің жылдық жоспарын іске асыру туралы тоқсан сайынғы есептерді қалыптастырады; Орнықты даму мақсаттары міндеттері мен көрсеткіштерін енгізу және мониторингілеу бойынша жұмысқа қатысады; Үкімет отырысында қарау үшін мәселелер тізбесін қалыптастырады; басқарма құзыретіне жататын бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік етеді, Министрлікте жобалық басқару арқылы стратегиялық құжаттарды әзірлейді, мониторингілейді және іске асырады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар қаулыларының, заңдарының және басқа да нормативтік құжаттарының жобаларын қарайды; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8(7172) 555-918