Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Ақмола облысының жер ресурстарын департаменті жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспекторы , индекс (№01-02)

Мемлекеттік орган

Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 200000

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Геодезия және картография
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр
  • Геодезия

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысын ұйымдастыру, бөлімге жүктелген міндеттер мен міндеттерді тиісінше орындауды қамтамасыз ету. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру.  Ақмола облысының аумағында жер заңнамасы нормаларының сақталуын бақылау. Мемлекеттік бақылау бойынша:

- Қазақстан Республикасының жер заңнамасы аласында облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қабылданған шешімдерінің заңдылығын мемлекеттік бақылау;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының қабылдаған шешімдерінің заңдылығы;

- мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингінің дұрыс жүргізілуіне;

- жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпаратты уақтылы орналастырумен;

- жергілікті атқарушы органдардың Сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақтылы өткізуіне;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;

- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтаумен;

-жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуімен;

 - жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердің тозуын туғызатын басқа да процестердің салдарын болғызбау және жою жөніндегі  іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

- азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтініш хаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;

- межелік белгілердің сақталуына;

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына;

- бүлінген жерді рекультивациялауға;

- жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;

- жерге орналастыру жобаларын және жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі басқа да жобаларды жүзеге асырылады. Жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау. Қазақстан Республикасы Жер кодексінде берілген мәселелер бойынша  жеке және заңды салынған айып пұлдарды  өндіру жөнінде сотқа талап арыздарды дайындау және ұсыну. Орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Жер заңнамасына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру. Департаменттің мүддесін сот органдары алдында  қорғау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, ҚР жер заңнамасын бұзушылықтарды анықтау, жою бойынша шаралар қабылдау. Жер қатынастары мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, соттармен және басқа да мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу. Бөлімге жүктелген міндеттер мен міндеттердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету. Сот органдарында департаменттің мүдделерін білдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген басқа да міндеттерді орындау жатады.

А блогы грейд-5

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.09.2023 – 02.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

05.10.2023

Сұхбаттасу орны

Кокшетау қаласы, Абая көшесі, 89, 2 қабат, 225 кабинет,

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2)25-75-42, 25-13-58