Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жер мониторингі, талдау және есеп бөлімінің бас маманы - мемлекеттік инспектор, С-О-5 санаты, 1 бірлік, №03-02 (Бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне 21.06.2026 жылға дейін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкердің мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқығы бар)
Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Ұлытау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Жерге орналастыруды бақылау, жер мониторингін жүргізу, жерге орналастыру жобаларын және жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі басқада жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. Жерге орналастыру жобаларын орындау және жер мониторингі жөніндегі материалдарды жинақтайды және талдайды. Жер құқығы қатынастарын реттеу жөніндегі материалдарды қарайды. Ұлытау облысының аумағында жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға, Қазақстан Республикасының жер заңнамасы нормаларының сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, олардың нысаналы мақсатына сәйкес жер учаскелерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; жер учаскелерін өз бетімен алуға жол бермеу; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік органдарға жердің бар-жоғы, жай-күйі және пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы табыс етуі; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуына; азаматтардың жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына; межелік белгілердің сақталуы; жергілікті атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жерлерді уақтылы қайтару; жердің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану; жерге орналастыру жобаларын және жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі басқа да жобаларды жүзеге асыру; жергілікті атқарушы органдар мен жеке немесе заңды тұлғалар арасында жасалған уақытша жер пайдалану туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізу, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінде белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда, пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару; облыстың, жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдыр, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылданған шешімдерінің заңдылығына; облыстың, аудандардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылданған шешімдерінің заңдылығына. Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне; бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне; жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына, жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына бақылау жасайды. Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою. Жер қатынастары мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, соттармен және басқа да мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушыларға уақытылы шара қолдануды қамтамасыз етеді. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау бойынша бақылау тексерулерінің материалдарын сапалы және обьективті дайындауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді орындайды.
Блок А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- область Ұлытау, город Жезказган, бульвар Гарышкерлер 15, кабинет 1
-
Дуйсекова Куралай Панашевна 8 705 588 9799