Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Астана қаласының жер ресурстарын басқару департаментінің Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты
Астана қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті
Астана қаласы
225429
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Пайдаланылмайтын не жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыздарды дайындау және сот органдарына беру, сондай-ақ Департамент құзыреті аясындағы өзге де талап-арыздар. Департаменттің мүддесін сотта, өзге мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғау. Департамент қызметкерлерінің арасында құқықтық-жалпытанымдық жұмыстарын ұйымдастыру. Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдарымен, әлеуметтік желімен, интернет ресурстарымен жұмыс жөніндегі жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру. Сот процесіне қатысу. Құжаттандыру мен іс жүргізуді ұйымдастыру.Бірыңғай электрондық құжаттардың айналымы жүйесі базасын жүргізу, қадағалау және құжатайналымы есептерін уақытылы тапсыру. Департаменттің кадр жұмысын жүргізу. «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналастыруға конкурс өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Департамент басшысына қол қойылуына ұсынылатын бұйрық және құқықтық сипаттағы өзгеде құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес дайындау. Қызметкерлердің жеке істерін жүргізу, құрылымдық және басқа да өзгерістерге байланысты қызметкерлердің еңбек кітапшасын қалыптастыру және жаңарту. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды ұйымдастырады, қызметшілерді оқытуды, қайта дайындауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, қызметіне қатысты тиісті есептерді дер кезінде дайындап, тапсырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (шағымдарын), сондай-ақ бөлім құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша уақытылы қарауға және жауап беруге.
«В» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қ, "Есіл" ауданы, Достык қөшесі,13
-
87022854477