Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (заңгер), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-14.3-3
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Павлодар облысы
206734
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттер: (блок В-5) Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталынуына бақылау жүргізу және тексеру. Прокуратура, әділет органдарымен қарым – қатынас жасау; мемлекеттік қызметкерлерге кеңес беру; ҚР АШМ АӨК МИК ОАИ бойынша ескі нормативтік актілерді алмастыру немесе басқаларды дайындау жұмыстарын жүзеге асыру; құқықтық насихат жүргізу, аумақтық инспекцияның лауазымдық тұлғаларының олардың қызметіне байланысты нормативтік-құқықтық актілермен және қолданыстағы заңнамаға еңгізілген өзгерістермен таныстыру жұмыстары; ҚР АШМ АӨК МИК ОАИ-мен әзірленетін бұйрықтардың құқықтық сараптамасы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, салалық бағдарламалық өнімдерінде мемлекеттік мекеме қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланатын жүйеде пайдаланушының тиісті рөлі ретінде қатысу, барлық меншік нысандарындағы заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда, құқық қорғау органдарында, кәсіпкерлік субъектілерінде Инспекцияның мүдделерін қорғау, Инспекцияның мүддесіндегі барлық қажетті іс-қимылдарды жасау, барлық сот мекемелерінде өкілдік ету, бөлім басшысымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Бөлім басшылығымен анықталған басқа да құзіреттерді заңнамаға сәйкес жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
orazkhankyzy.asel@minagri.gov.kz
- Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 71
-
87172-555-885