Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспектор, С-О-4 санаты, индекс: ОГКЗИИОЗ-1
Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті
Алматы облысы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Геодезия және картография
- Аграрлық техника және технология
- Кадастр
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру. Жер заңнамаларын сақтауға бақылау жасауды ұйымдастыру. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына бақылауды жүргізу. Жер заңнамалары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелеріндегі заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау. Жер заңнамаларын сақтау мәселелері жөнінде тексеру жұмыстарын ұйымдастыру. Аумақтық органдармен өзара жұмыс істеу. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау. Жер телімдерінің иелері мен пайдаланушылардың жер заңнамаларын сақтауына, олардың нысаналы мақсатына сәйкестігіне, жер телімдерін өз бетінше иеленуге жол бермеуге, уақытша берілген жер тілемдерінің уақытында қайтарылуына, жер заңнамаларын бұзуды жоюға бақылау жасап, тексеру жүргізу. Департаменттің перспективті және ағымдағы жоспарларын әзірлеу; Департаменттің құзыретіне енетін мәселелер бойынша істердің жағдайына жүйелі түрде талдау жасау; жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды басшылыққа әзірлеу; Департаменттің қызметіне тікелей қатысты әдістемелерді, нұсқамалық материалдарды әзірлеу және оларды тәжірибелік қолданысқа енгізу үшін шараларды жүзеге асыру. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы есеп дайындау. Өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұру шараларын ұйымдастыру. Бүлінген жерлерді қалпына келтірілу жұмыстарын ұйымдастыру. Жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру. Жер телімдерінің меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне бақылау жасау. Жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердің тозуын туғызатын басқа да процестердің салдарын болғызбау мен жою жөніндегі іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру. Жер кадастры мен геодезиялық бақылауды жүргізуді ұйымдастыруға бақылау жасау. Бөлім жұмысында заңнаманың сақталуын және оның құқықтық құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді, сот инстанцияларына талап арыз дайындайды. Соттарда, апелляциялық және кассациялық сатыларда, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда департаменттің мүдделерін қорғау, азаматтық істерге қатысу; Ақпараттық–талдау жұмыстарының және мониторинг нысандары мен әдістерін білу. Департаменттің мүддесін жер заңнамалары мәселелерін қарау кезінде сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғау. Бағынышты қызметкерлерге бақылау жасай білу. Департамент басшылығының басқа да өкілеттіктерін жүзеге асыру. Word, Excel, E-mail, Internet, «Электрондық Үкімет» бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу.
«А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Койчуманова көшесі №4 а
-
8 701 110 00 91