Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасының басшысы, С-3 санаты, № 19-8-01.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
427817
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- Топырақтану және агрохимия
- Кадастр
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметіне басшылық ету, лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік пен Комитет туралы, Басқарма туралы Ережеге, Министрлік регламентіне сәйкес жұмысты ұйымдастыру. Басқарма құзыреті шеңберінде Үкімет қаулыларының жобаларын дайындау, жер заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды әзірлеу және қабылдау, жер заңнамасын қолдану практикасын жинақтау, жер қатынастары мәселелері бойынша жер қатынастары жөніндегі жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және әдіснамалық басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының мүдделерін құзыреті шеңберінде шегінде ұсыну, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдау, құпиялылық режимін қамтамасыз ету және Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді орындау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді орындау, жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге де тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
myrzalina.zh@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы -10, 14 кіреберіс
-
8 (7172)74-08-83