ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (2 бірлік, бухгалтер)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Түркістан облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Еңбек ақы бойынша бухгалтерлік есеп регистрлерін жүргізу (бұйрықтарға және табельдерге сәйкес еңбек демалыстарын, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемдер есептеу), салық органдарына есептер жасау, статистикалық есептер жасау, аванстық есептерді қабылдау, №4-20 нысаны бойынша мәліметтерді қорытындылау, аумақтық инспекциялардың тоқсандық және жылдық есептерін қорытындылау, кассалық операцияларды жүргізу, облыстық Қазынашылық басқармасымен жұмыс істеу, төлем тапсырыс құжаттарын жүргізу, аумақтық инспекциялардағы негізгі қорлар және басқа да тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу, олардың қозғалысы бойынша аналитикалық есептер жүргізу, бюджеттік бағдарламалар бойынша аналитикалық-ақпараттық материалдар дайындап, қаржылық талдау жасау, дебиторлық және кредиторлық қарыздар жөнінде жедел ақпараттар жинау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945