Мал шаруашылығы департаменті Мал шаруашылығы салаларын дамыту басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
428566
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Биотехнология
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы ресімдеуді ұйымдастыру; мал шаруашылығы саласындағы операциялық, стратегиялық құжаттарды, инвестициялық, пилоттық, ұлттық жобаларды, мемлекеттік, салалық, өңірлік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды ұсынуды әзірлеу және іске асыруды жүзеге асыру. Бөгде ұйымдарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомствалық бағынысты ұйымдарды тарту құқығымен мал шаруашылығы саласындағы, сондай-ақ оның кіші салаларындағы (етті және сүтті мал шаруашылығы, етті және жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, түйе шаруашылығы, марал шаруашылығы, омарта шаруашылығы және қажет болған жағдайда басқалары) тұжырымдамалардың, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың жобалары бойынша ұсыныстар енгізу; мал шаруашылығы саласындағы нормативтік базаны, бағалық, Техникалық, кедендік, салықтық, кредиттік, сақтандыру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; мал шаруашылығы саласын дамыту мониторингі және мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық, пилоттық және ұлттық жобаларды іске асыру барысы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің, жемшөп өндірісінің өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды мониторингтеу және үйлестіру; салалық мал шаруашылығы бойынша стратегиялық индикативтік көрсеткіштерді мониторингілеу және түзету және стратегиялық көрсеткіштердің индикаторларын жергілікті атқарушы органдарға және қаржыландырушы ұйымдарға жеткізу; қаржы институттары мен ұйымдары арқылы қаржыландыруды талап ететін Мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалар бойынша салалық қорытындылар беру; мал шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру, мал шаруашылығындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру; мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласындағы мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері мен нысандарын енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу; бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу нәтижелері туралы, тиісті бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы талдамалық ақпарат жасау; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; Жануарлар лизингінің, кредитінің пайыздық ставкасын субсидиялау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мал шаруашылығындағы сақтандыруды субсидиялау бойынша ұсыныстар әзірлеу, кеңестер мен өзге де іс-шаралар өткізу үшін мал шаруашылығы мәселелері бойынша баяндамалар дайындауға қатысу, мал шаруашылығы саласындағы халықаралық байланыстарды дамытуды және кеңейтуді ұйымдастыру; Даму стратегиясы, мемлекеттік қолдау, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасын, асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялаудың ақпараттық жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен, статистика органдарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру; Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Басқарма қызметінің бағыттарына қатысты мәселелер бойынша ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар енгізу; басқарма қызметінің бағыттарына қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының жобалары мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және Министрдің бұйрықтарын әзірлеу және келісу бойынша ұсыныстар енгізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын, мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісін дамыту және мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша депутаттық; анықтамалар мен басқа да құжаттарды жасау; Департамент құзыретіне кіретін Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-918