Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 1 қарашаға дейін)
Аумақтық инспекция
Ақтөбе облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалды міндеттер
Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын және бөлімге жүктелген тапсырмаларды уақытылы, сапалы орындауын жүзеге асырады. Бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын және аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларына бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты әрі толықтай игерілуін қадағалап, тексереді. Бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық іздеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, басқа да құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізеді, Бухгалтерия 1С бағдарламасымен жұмыс жасайды. Ай сайын мекеме жұмысшыларының еңбеккүн табелін тексереді, жұмыс өтілін бақылайды. Мекеме жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, еңбек демалысы төлемі, куәландыру қағазы бойынша есептейді және мерзімінде төлейді, әлеуметтік және табыс салықтарды, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды бюджетке мезгілінде аударады және де кәсіподақ, партиялық жарналарын аударады. «Жалақылар бойынша есеп айырысу ведомосының жиынтығы» бойынша № 5 мемориалдық ордер-есеп беруші ретінде жинақтаушы тізімдемені ай сайын толтырады. Ай соңында айналым тізімдемесін жасайды. Жалақы бойынша анықтама береді. «Бухгалтерия 1С», «Клиент-Казначейство», «СОНО» бағдарламаларында жұмыс жасайды. Атқару қағазы бойынша есеп жүргізеді, белгілінген мерзімде дайындайды және белгіленген басқармаларына ұсынады. Салық есебін және еңбек бойынша статистикалық есепті белгілінген мерзімде дайындайды және мемлекеттік кіріс басқармасына, облыстық статистика басқармасына ұсынады. Автокөліктер бойынша әрбір объектінің автокөліктерінің путевкалары бойынша есебін дайындайды және мерзімінде бас есепшіге №13, № 16 мемориалдық ордермен ұсынады. «Есеп беретін есептер бойынша жинақтау ведомості» № 8 мемориалдық ордер-аванстық есеп бойынша іс-сапар шығыстарын есептеу және аудару.
Келісім-шарттар, өтінімдерді Қазынашылық органдарда тіркейді және оның өткенін қадағалайды. Ай сайын ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне бюджеттен бөлінген қаржының орындалуы туралы ақпарат береді. Қаржыны уақытылы және дұрыс бухгалтерлік есеп шоттарына тіркейді. № 6 мекемелермен есеп айырысу мемориалдық ордерді толтырады. Мекеме жұмысшылары мен қызметшілеріне іс-сапар шығындарын есептеу және мерзімінде төлеуді қамтамасыз етеді, бас кітап толтырады.
Электронды құжат айналым және «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945