Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 14 желтоқсанға дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Батыс Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалды міндеттер
Ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Облыс аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру бойынша іс-шараларға ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Ветеринариялық мекемелер тарапынан жануарлар ауруларының алдын-алу,болдырмау, жоюға бағытталған және ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларының профилактикасы, диагностикасы мен емдеу шараларына ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) барысындағы алыс-беріс актілерін жасақтау, комитетке жолдау. Облыс бойынша эпизоотиялық мониторинг мәліметтерін дайындау; Тиісті әкімшілік бірліктегі ветеринариялық іс-шараларды жоспарлаудағы келісім құжаттарын дайындау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және АШЖБ базасын жүргізуді қадағалау, облыс бойынша мәліметті дайындау. Статистика уәкілетті органынан алынған ақпараттар жиынтығын талдап алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын белгілейтін арнайы комиссияға құжаттарды дайындау. Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының күдігі туғанда және пайда болғандағы жедел хабарламаларды жолдау. Диагностикалық зерттеулеулерге сынамаларды алу барысына ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, мәліметтерді дайындау. Мал қорымдары мен стационарлық қолайсыз пункттер бойынша мәліметтер жасақтау; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сай әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және әкімшілік құқық бұзушылық шараларын қолдану. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945