Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, 1 бірлік, №18-1.2-14

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Білім: биология

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Блок А-5

Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы берілген нұсқаманың орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру. Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес шұғыл шаралар жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.02.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.02.2023 – 13.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Семей қаласы, Павлодарская көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87172555885