«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

225877

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі құжаттарды, жер  саласындағы стратегиялық даму жоспарларын, мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағдарламаларының бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша жоспарларын дайындауды ұйымдастыру; Есепке алу есептілік деректерінің сапасын және уақыттылығын қамтамасыз ету; Департаменттің мүддесін сотта, құқық қорғау органдарында, өзге мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғау; Мемлекеттік қаржылық бақылау және Қазақстан Республикасының заңдылықтары сақталуы мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен және өзге органдармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету; Заң және нормативті құқықтық акті бойынша анықтама-ақпараттық жұмысты жүргізу; Департамент қызметкерлерінің арасында құқықтық-жалпытанымдық жұмыстарын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге; Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерінің өз міндетін орындалуының заңдылығын сақтауды қамтамасыз етуге құқықтық кеңес беру; Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізу; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді орындайды; Жер  заңдылығын бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың, және ұйымдардың өтініштерін қарайды; Бұйрықтардың, өтініш иесінің жауаптарының жобасын дайындағанда келіседі (қол қояды); Соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда (тиісті сенім хат болған жағдайда) департамент мүддесін қорғау; Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда департамент атынан өкілдік етеді;  Сот процесіне қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.01.2023 – 13.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47, 2 қабат, 7 бөлме

Анықтама алу үшін байланыс

8(7112) 307021