Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаменті Халықаралық ынтымақтастық және хаттама басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 11.06.2018 ж. бастап 15.07.2023 ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
239910
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Ветеринария
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Биотехнология
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Мүмкіндігінше шет тілдерін білуі.
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттарды және материалдарды сапалы және уақтылы орындау; Қазақстан Республикасының шет елдермен ынтымақтастығын нығайту бойынша ұсыныстарды әзірлеу (құрылымдық бөлімшелердің ақпараты негізінде); сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия отырыстарына материалдар дайындау және Министрлік жауапты орган болып айқындалған үкіметаралық комиссиялар отырыстарын өткізу; жоғарғы деңгейдегі келіссөздер барысында және шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) мен олардың кіші комиссиялары шеңберінде қол жеткізілген халықаралық келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне және Қазақстан Республикасының басқа да министрліктеріне тоқсан сайынғы және жартыжылдық есептік ақпаратты дайындау; шет елдермен ауыл шаруашылығы саласында (негіздемелік сипаты бар) халықаралық келісімдерді жасасу бойынша, сондай-ақ олардың күшіне ену жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу бойынша жұмыстарды атқару; халықаралық келісімдердің (салалық мәселелер бойынша) жүзеге асыру барысы туралы жиынтық ақпаратты (құрылымдық бөлімшелердің ақпараты негізінде) дайындау; Министрлік құрылымдық бөлімшелеріне салалық мәселелері бойынша халықаралық келісімдерді жасасу бойынша жұмыстарына консультациялық жәрдем көрсету; Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ауыл шаруашылығы ұйымдарымен (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (ХАШДҚ), Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАБ), Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) және т.б.); ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысу; ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу; ұлттық экспорттық стратегиясының және агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық саясат шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық келісімдерді, хаттамаларды және меморандумдарды әзірлеуге және келісуге қатысу; Қазақстан Республикасының шет елдермен, ірі халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыстарына қатысу; агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық саясатына қатысты кездесулер мен кеңестерге арналған материалдарды дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру; аналитикалық және презентациялық материалдарды, есептер мәтіндерін, агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық саясатына қатысты іс-шаралар жоспарларын дайындауды үйлестіру; агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, ведомстволық бағынысты мекемелермен, жеке және заңды тұлғалармен жұмысты үйлестіру; экспорттық саясат бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты үйлестіру; Басқарма, Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын құзыреті шегінде орындау. Визалық қолдау мәселелері бойынша жұмысқа қатысу; Министрлік басшылығының шет елдерге шығуын ұйымдастыру бойынша жұмысқа қатысу (іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды дайындау, қызметтік, дипломаттық паспорттар мен шығу құжаттарын ресімдеу, қонақ үйде тұруға шетел валютасында қаражат алу, Министрлік басшылығы үшін іссапарға тәуліктік және көліктік шығыстар және оларды Қазақстан Республикасында пайдалану туралы есепті ұсыну); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі); Министрлік басшылығының дипломатиялық корпус өкілдерімен, ресми шетелдік делегациялармен, шетелдік жеке және заңды тұлғалармен хаттамалық іс-шаралар мен іскерлік кездесулер өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; құзыреті шегінде басқарма, департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-918