«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа

санаттағы жерлерге ауыстыру туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес, «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірленді.

Қаулының жобасымен «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» мемлекеттік мекемесінің «Бөрлі орман және жануарлар дүниесін  қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі»  және «Орал орман және жануарлар дүниесін  қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің  орман қоры жерінен жалпы алаңы 11,55 гектар жер учаскелерi өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстыру көзделген.

Жерлерді ауыстырудың мақсаты – республикалық автомобиль жолының А-30 «Подстепный – Федоровка – РФ шекарасы» 0-144 километрдегі  маңызы бар жолын салу үшін .

Жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.

Жарияланған күні

09 ақпан 2021

Жаңарту күні

09 ақпан 2021

Қызмет бағыты