«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына баспасөз-релизі

«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқасанаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына

баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің130-бабынажәне Қазақстан Республикасы  Орман кодексiнің51-бабынасәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.

Аталған Үкіметтің қаулы жобасымен 425 метрге дейінгі горизонттағы Стрежан кен орнының полиметалл және жез-колчедан кенін өндірістік дайындау үшін Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлерінен жалпы алаңы 18,91 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстыру қарастырылған.

Жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.

Жарияланған күні

31 қаңтар 2020

Жаңарту күні

31 қаңтар 2020