Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысы жер ресурстарын басқару департаменті" РММ-і қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жетісу облысы жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-і  (бұдан әрі - Департамент) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2026 жылғы 12 мамырдан 2026 жылғы 23 маусым аралығында Департаменттің қызметіндегі келесі бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын хабарлайды:

1)       талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)       талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2025 жылдың 01 мамырынан бастап 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін.

Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

23 сәуір 2026

Жаңарту күні

23 сәуір 2026

Қызмет бағыты