Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша баспасөз-релизі (3)

«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы

жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес, «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірленді.

Қаулының жобасымен «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Отрадненск орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінен жалпы алаңы 0,81 гектар жер учаскелерi өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстыру көзделген.

Жерлерді ауыстырудың мақсаты – 220 кВ ӘЖ электр беру желісін салу және пайдалану.

Жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.

Жарияланған күні

11 қыркүйек 2020

Жаңарту күні

11 қыркүйек 2020

Қызмет бағыты