Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 339-бабының 1-тармағына сәйкес мiндеттеме негiзiнде несие берушiге тиесiлi құқықтың (талап етудiң) ол мәмiле (талап етудi беру) бойынша басқа адамға берiлуi; немесе ол құқық заң құжатының негiзiнде басқа адамға ауыстыруы мүмкiн..
Несие берушiнiң талап етудi басқа адамға беруiне жол берiледi, себебi ол заң құжаттарына немесе шартқа қайшы келмейдi. (ҚР АК 345-бабының 1-тармағы). Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы үшiн, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келiсiмi талап етiлмейдi (ҚР АК 339-бабының 2-тармағы). ҚР АК 339-бабының 3-тармағына сәйкес егер несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнiнде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие берушi осыдан туындайтын өзiне қолайсыз салдарға тәуекел етедi. Бұл жағдайда бастапқы несие берушiге мiндеттеменi орындағаны тиiстi несие берушiге орындағаны болып табылады.
ҚР АК 341-бабына сәйкес, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың ауысуы кезiнде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушiге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ басқа да құқықты, соның iшiнде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады.
Талап етудi басқа адамға берген несие берушi оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшiн маңызы бар мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi. (ҚР АК 342-бабының 2-тармағы).
Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 14-тармағында банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде, қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қолданылады.
Өзіне құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Осылайша, банктік қарыз шарты бойынша банктің құқықтарын (талаптарын) үшінші тұлғалардың пайдасына беруге Қазақстан Республикасы заңнамасының және банктік қарыз шартының талаптарын сақтай отырып жол беріледі. Бұл ретте, банктік қарыз шарты бойынша банк құқығының (талап етуінің) үшінші тұлғаға өту талаптары қамтылған шартты жасасу кезінде банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының ережесі өзгермейді.
Қағидаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай – ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты (бұдан әрі-субсидиялау шарты) қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз шартының негізінде қаржы институты, қарыз алушы және жұмыс органы арасында жасалады.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, жаңа кредитордың пайдасына қарыз шарты бойынша банктің құқықтарын (талаптарын) берілгеннен кейін субсидиялау шарты бойынша қаржы институтының (банктің) құқықтарын (талаптарын) басқаға беру тиісті басқаға беру шартын жасасу арқылы жүргізілетінін хабарлаймыз.
Бұл ретте Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қарыз шартының талаптары өзгерген жағдайда, (осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде, 9-тармағының төртінші бөлігінде және 12-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда) бұрын мақұлданған және есептелген субсидиялар сомасы ұлғайтылмайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 41-бабының 1-тармағына сәйкес тұлғалардың дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін пайдалануға, сондай-ақ осы өнiмдi қайта өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.
Кодекстің 43-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында шаруа немесе фермер қожалығының басшысы жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға құқылы екендігі көзделген.
Кодекстің 43-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, ортақ өтінішпен бұл туралы шаруашылықты тіркеген органдарға шаруа немесе фермер қожалығының басшысы хабарлауға міндетті.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзгеше ескертілмесе, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылатыны көзделген.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2-тармағына сәйкес қолданысқа енгізілген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу орынды емес, себебі жоғарыда көрсетілген нормаларды талдау кезіңде қарыз алушыны ауыстыру жағдайлары қолданыстағы заңнамамен реттелетіні анықталды.