«Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезіндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Елді мекен шегінде объектілерді салу үшін жер учаскелерін беру кезіндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9952 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтініштің, келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер учаскесін бөліп беру схемасының  және жер-кадастрлық жоспардың нысандарын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кент, ауыл шегінде объект салу үшін жер учаскесіне құқық беру туралы өтініштің нысаны;

2) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқық беру туралы өтініштің нысаны;

3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар қорытындысының нысаны;

4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес объект салу үшін жер учаскесін таңдау актісінің нысаны;

5) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес жер учаскесін бөліп беру схемасының нысаны;

6) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жер-кадастрлық жоспардың нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қазақстан Республикасының

         Ауыл шаруашылығы министрі                                              А. Сапаров



Жарияланған күні

26 қараша 2024 18:41

Жаңарту күні

26 қараша 2024