Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен алма әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен алма әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына, 18-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алманың халықаралық транзитін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1001) әкелуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
98