«Жануарларды қолдан ұрықтандырумен байланысты қызмет» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Жануарларды қолдан ұрықтандырумен байланысты қызмет» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Жануарларды қолдан ұрықтандырумен байланысты қызмет» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 56 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жануарларды қолдан ұрықтандырумен байланысты қызмет» кәсіптік стандартында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) асыл тұқымды мал – тұқым стандартына сай келетін және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген таза тұқымды мал;».
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық ғылым және білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
27