«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
4) тармақшаның он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«органикалық өнім өндірісі және айналымы;»;
350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«350) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;»;
мынадай редакциядағы 351-1) тармақшамен толықтырылсын:
«351-1) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
353) және 354) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«353) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;»
354) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіреді.»
- Осы қаулы 2024 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші, жетінші, он бірінші және он екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
11