Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы

 

Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күнінен кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 шілдедеге дейін қолданыста болады.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

            

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрлігі

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

 Қазақстан Республикасы

 Ұлттық экономика министрлігі

 

 

Жарияланған күні

29 қазан 2021 16:28

Жаңарту күні

29 қазан 2021