Азаматтарға арналған үндеу

Құрметті азаматтар!

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бақылау және мониторинг жүргізу мәселелері кіреді.

Осыған орай, егер Сіз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері тарапынан қызметтік әдеп талаптарын бұзу фактілеріне тап болсаңыз, Сіз мына байланыс телефонына қоңырау шала аласыз: жұмыс тел.+7 (7172) 555-424.

Электрондық пошта адресі: zhamkenova.a@minagri.gov.kz

Сіздердің ақпараттарыңыз мониторинг жүргізу үшін және қажетті әрекет ету үшін маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Әдеп жөніндегі уәкілі                                                             А. Жамкенова

Жарияланған күні

07 қазан 2026 17:31

Жаңарту күні

03 қараша 2026