«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ

Қызмет

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 наурыздағы №309 шешімімен бүгінгі күндегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - азық-түлік келісім-шарт корпорациясы) құқықтық мұрагері болып табылатын Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт корпорациясы құрылды.

Азық-түлік корпорациясы – Қазақстан Республикасының астық саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ішкі астық нарығын тұрақтандыруға, АӨК субъектілерін қаржылық қолдау шараларына белсенді қатысу арқылы іске асырып келе жатқан ұлттық компания.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы халықаралық ұйымдар мен жобаларға қатысу, импорттаушы елдердің мемлекеттік компанияларымен ұзақ мерзімді сауда байланыстарын өзара іс-қимыл және нығайту, Қазақстан астығының экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында перспективалы өткізу нарықтарында сыртқы сауда қызметін ұйымдастыру арқылы астықтың сыртқы нарықтарындағы мемлекеттің мүддесін білдіреді.

Азық-Түлік Корпорациясының Өкілдіктері:

«Азық-түлік корпорацияы» ҰК» АҚ Ақмола облыстық өкілдігі (Көкшетау қ.);

«Азық-түлік корпорацияы» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігі (Өскемен қ.);      

 «Азық-түлік корпорацияы» ҰК» АҚ Қостанай облыстық өкілдігі (Қостанай қ.);     

«Азық-түлік корпорацияы» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі (Петропавл қ.);    

«Азық-түлік корпорацияы» ҰК» АҚ Қытай Халық Республикасындағы өкілдігі (Қытай Халық Республикасы, Пекин қ.).

ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ ҰЙЫМДАР:

  • «Ақ Бидай-Терминал» АҚ (Ақтау қ.);

  • «Бакинский зерновой терминал» ЖШҚ, Әзірбайжан (Баку қ.);

  • «Амирабад Грэйн Терминал Киш» ЖШҚ, Иран Ислам Республикасы, Мазандаран провинция, Киш аралы (Амирабад порты);

  • «Астық қоймалары» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.);

  • «Агрофирма «NurAgro» ЖШС Алматы обл., Шеңгел массиві, (Кербұлақ ауылы).

Басшысы: Басқарма Төрағасы – Джувашев Асылхан Болатұлы.