ҚР ҚМ ІМАК Абай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы,3 бірлік (А блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

260615

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

"Мемлекеттік аудитор" біліктілігі бар мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы

Функционалды міндеттер

Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына (түзетуге) байланысты шығыстардың, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалануға; мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттер беруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыруға, сондай-ақ олардың пайдаланылуына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен беру шарттары мен рәсімдерін сақтауға, сондай-ақ бөлінген қаражатты пайдалануға; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына; тәуекелдерді басқару жүйесінің және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің негізінде Қазақстан Республикасының  мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасының квазимемлекеттік сектор субъектілерімен; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының рәсімдерін сақтау бойынша аудиторлық іс-шараларды жүзеге асыру, қарсы аудиттер жүргізу; құқыққорғау органдарымен және сотпен мамандар ретінде тарту арқылы жүргізілген тексерулерге қатысу және құзыреттілігі шегінде қорытынды беру, аудит материалдарын арықарай іске асыру, аудит материалдарын, мамандардың қорытындыларын және аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қолданылған шараларды енгізу бөлігінде, «ҚБ. ТБЖ» ақпараттық қосалқы жүйесін сүйемелдеу; Бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру; комплаенс-бақылауды іске асыру, белгіленген заңнамаға сәйкес Департаменттің, соның ішінде бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке, заңды түлғалардың өтініштерін қарау;  Департамент басшылығына мемлекеттік аудит органдарының жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау және Департамент туралы, бөлім туралы ережеге сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер. Жоғары тұрған органның тапсырмаларын, прокуратура органдарының талаптары мен нұсқамаларын, басқа мемлекеттік органдардың хаттары мен тапсырмаларын орындау; қажет болған жағдайда, қарсы аудит жүргізу, кінәрат-талап қою жұмыстарын жүргізу,  әкімшілік рәсімдерді қозғау, Соттарда Департамент мүддесін қорғау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.10.2022 – 07.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 71-81-49