БҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маман- заңгер (негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2023 жылдың 30 маусымға дейін), B блогы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
Батыс Қазақстан облысы
229492
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, бөлім құзыреті шеңберінде заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау; ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО бойынша басқару органдарымен салыстырып тексеруді және ҚСжАЕКБ БҚО; Web-АП бағдарламасында Әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оларды жасаған тұлғалардың есебін жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы есептік мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО басқармасына ұсыну,Өз құзыреті шегінде Департаменттің талап - арыз жұмысына қатысу, талап-арыздарды құрастыру және оларды сотқа жолдау, сондай-ақ шағымдарды, Сот істерін қарау нәтижелерін талдау және қорыту; Белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда, мемлекеттік органдарда Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде департаменттің мүдделерін білдіреді, мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, барлық сот сатыларында, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді. қадағалау тәртібімен талап – арыз жұмысын жүргізеді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік іс жүргізуді жүргізеді: Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр- Сұлтан қаласы, Женіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)
-
8 (7172) 71 76 08