Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 02.08.2024 ж. дейін), С - 4 санаты, (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
Астана қаласы
272457
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Республикалық меншік объектілерін басқаруда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу, тиісті саланың уәкілетті органдарының (жергілікті тиісті органдар) хаттарын уақтылы қарауды және Комитеттің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ республикалық кәсіпорынның түрін айқындау бөлігінде республикалық меншікке қатысты республикалық меншік (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) құқығының субъект құқығын іске асыру мәселесі бойынша шешімдерінің жобаларын дайындауды қамтамасыз ету; республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларды құру, атауын өзгерту, қайта ұйымдастыру, тарату немесе жекешелендіру; республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғыларын бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; республикалық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған және таратылған жағдайда (орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерін қоспағанда) табыстау актісін, бөлісу, аралық тарату және тарату баланстарын бекіту; республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың филиалдар мен өкілдіктер құруы, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгер болуы немесе кепiлдiк беруі; шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын иелену; қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар құруы, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болуы (қатысушысы); тиісті саланың уәкілетті органдарының (жергілікті атқарушы органдар) хаттарын және мемлекеттік заңды тұлғаларды мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік мүліктің бір түрінен екіншісіне қабылдау-беру мәселелері бойынша Комитеттің шешімін уақтылы қарастыру, Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Комитет басшылығының қарауға түскен тапсырмаларын белгіленген тәртіпте және мерзімде орындауды қамтамасыз ету және Комитеттің жұмыс жоспарын іске асыруға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, Қаржы министрлігінің үйі
-
8(7172) 71-78-46, 71-71-86