ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Алдын ала тексеру актілерін қарау басқармасы басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Басшылықтың тапсырмаларын сапалы орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; қызметкерлердің өз лауазымдық міндеттерін орындауына бақылауды жүзеге асыру; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде алдын ала тексеру актілерін қарау. Алдын ала актілерді қарау қорытындысы бойынша талдау жүргізу. Тексерулердің алдын ала актілерін қарау рәсімін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдалатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі апелляция департаментінің сұрау салулары бойынша ұстанымды ұсыну, сондай-ақ қаралатын мәселелер құзыретіне кіретін бағыттар бойынша Үйлестіру. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің тапсырмасы бойынша шағымдарда баяндалған мәселелер бойынша салықтық және кедендік тексерулер тағайындауды ұйымдастыру. Салық және кеден заңнамаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыруда төмен тұрған мемлекеттік кірістер органдарына практикалық және әдіснамалық көмек көрсету; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, аумақтық бөлімшелердің өтініштерін қарау және оларға жауаптар дайындау; мемлекеттік қызметшінің еңбек тәртібін және Әдеп кодексін сақтау; мемлекеттік және қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді жария етпеу. құпия.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы 11, техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
8(7172)709935