Қызметті ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне, 30.06.2020ж. дейін, С-4 санаты, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Негізгі қызмет бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткен сертификаттардың болуы жөн

Функционалды міндеттер

Комитетте мәжілістер, семиналар және алқа отырыстарын, мәдени-бұқаралық және спорттық шараларды өткізу,  Қаржы министрлігінің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын, Комитеттің жұмыс жоспарын жасау және аталған жоспарлардың орындалу бойынша жұмыстарды өткізу; Комитеттегі орындаушылық тәртіпке, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауына бақылау жасау, Комитетте іс жүргізуді ұйымдастыру, Комитеттің электронды мұрағатын жүргізу, Комитет сайтында ақпаратты жариялау және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, Комитеттегі мемлекеттік тілді дамытуға қатысты іс-шаралар жоспарларын орындау  бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.03.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

10.03.2020

Сұхбаттасу орны

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 үй

Анықтама алу үшін байланыс

(8 7172) 71 74 58