ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД-ның Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы, санаты C-R-4, 1 бірлік
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Астана қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
- Құқық
- Математика және статистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Салықтық өтініштерді қабылдауды, өңдеуді және белгіленген мерзімде шығыс құжаттарын беруді жүзеге асыру. Салық есептілігін жедел және сапалы қабылдау және ақпараттық жүйелерге енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес салықтық қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету. Салық төлеушілердің дербес шоттарын түгендеу. Салық төлеушілерді әрекетсіз деп тану үшін салық төлеушілердің тізімін дайындау. Басқа аудандардан қайта тіркеу кезінде салық төлеушілердің заңды істерін қабылдау және беру. Жекелеген қызмет түрлері бойынша салық төлеушілерді тіркеу бойынша жұмыс жүргізу, сондай-ақ ҚР Салық кодексінің нормаларына сәйкес салық төлеушілердің банктік шоттарын ашу және жабу бойынша жұмыс жүргізеді. Салық төлеушілерді тіркеу есебінен шығару. ҚҚС бойынша тіркеу есебін қою және алу туралы салықтық өтініштерді қабылдау, өңдеу. Бақылау-касса машиналарын тіркеу және есептен шығару тәртібін сақтау. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияларды қабылдауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ҚР Заңына сәйкес қарау тәртібі мен мерзімдерін сақтау. Өзіне жүктелген функционалдық міндеттер орындалуына, жоғары тұрған органға және басқа да мемлекеттік органдарға берілетін есептер мен ақпараттың анықтығына дербес жауапты болады, "мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының салық салу саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерінің барлық талаптарын мүлтіксіз орындайды. Салық есептілігін уақтылы ұсынбағаны үшін дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, жеке нотариустарға, адвокаттарға хабарламалар ұсыну бойынша жұмысты жүргізеді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және олар уақтылы орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. ҚР ӘҚБтК нормаларына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қолдануды жүзеге асыру. Әрекетсіз (байланысын жоғалтқан) салық төлеушілер бойынша тиісті жұмысты жүзеге асыру. Салық кодексіне сәйкес мәжбүрлеп тарату бойынша тиісті жұмысты жүзеге асыру.
Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «А» функционалдық блогына жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.bizhentaeva@kgd.gov.kz, k.zhumagalieva@kgd.gov.kz
- 08.07.2026
- Астана қ, М.Әуезов көшесі 34
-
87172572013