ҚР ҚМ ММЖК Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

ҚР ҚМ ММЖК Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

С-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Жобаны басқару
  • Инновациялық менеджмент
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

  1. Бөлім қызметіне басшылық жасау;
  2. Республикалық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  3. мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;
  4. Жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарын қоспағанда, республикалық мемлекеттік мекемелердің теңгерімдеріне бекіту;
  5. Жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті коммуналдық меншікке беру;
  6. Жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының теңгеріміне беруді қоспағанда, республикалық меншікке республикалық мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне беруге келісім беру;
  7. Сапасы мен қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасы заңнамасының және санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің, нормалар мен гигиеналық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін, шығу тегі белгісіз алкоголь өнімдерді, акциздік маркаларсыз сатылатын темекі өнімдерді және құрамында темекі бар басқа да өнімдерді, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, сатуға, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауға байланысты шығындар олардың бағалау құнынан асып түсетін жекелеген негіздер бойынша одан әрі пайдалануға жатпайтын, одан әрі пайдалануға жатпайтын, минималды бағамен сатылмаған жүктердің ұсақ партияларды мен мүліктерді жою бойынша жұмысттарды ұйымдастыру;
  8. Мемлекеттік сатып алу шарты негізінде, аукционда, қор биржасында, аукциондарда сауда ұйымдары арқылы мүлікті сату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  9. Жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы» филиалына жеткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  10. Республикалық мүлiк мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру, Қазақстан Республикасына тиесiлi мүлiктiк құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;
  11. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
  12. Бөлімнің негізгі қызметтері туралы есептерді, мәліметтерді, ақпараттарды дайындауға және уақтылы жіберуіне бақылауды ұйымдастыру;
  13. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптарды сақтау;
  14. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
  15. Осы мүлікті E-Qazyna.kz порталға енгізу бойынша жұмысты жүзеге асыру.
  16. Бағалау, кәдеге жарату кезінде мүлікті сату бойынша мамандарды жұмысқа тарту; гемолог, радиоактивті қауіпсіздік маманы және т. б.
  17. Басқа облыстардан түскен бағалы заттарды облыстардың ММЖД - дің келісімдерімен және олардың қызметкерлерімен бірлесіп кәдеге жарату.
  18. «Ақпараттық - есеп орталығы» АҚ-мен өзара іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2026 – 30.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

02.07.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қ., Достық даңғылы 134, кабинет № 207

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: 8 (775) 573-33-20