Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Заң басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, құқықтық сараптау, әзірленген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратында, Қазақстан Республикасы Парламентінде сүйемелдеу; мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты заңнамаға (құқық қолдану практикасына) құқықтық талдауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамаларын құзыреті шегінде түсіндіру; өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы заңнама бойынша іс жүргізу шеңберінде шағымдарды қарау; мемлекеттік кірістер органдарында әкімшілік және сот практикасын жалпылау, талдау және осындай жалпылау мен талдау бойынша нәтижелерді қалыптастыру; мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде құқық қорғау органдарымен; жалпы мемлекеттік кірістер органдарының қызметін құқықтық сүйемелдеу бойынша мемлекеттік кірістер органдарының талап-арыз жұмысын ұйымдастыру; басшылық тапсырмаларының сапалы және уақтылы орындалуын бақылауды ұйымдастыру, Азаматтық – процестік заңнамаға сәйкес Комитеттің мүдделерін білдіру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында әкімшілік, азаматтық және өзге де заңнамалық практиканың сақталуын талдау және бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
b. aisyeva@kgd.gov.kz
- Астана қ. Жеңіс даңғылы 11, Әңгімелелесу техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
87751882441