ҚР ҚМ ІМАК Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс ІМАД-02-2, функционалдық блок-Б

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

     

            Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өткеруін ұйымдастыру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу; мемлекеттік қызметшілерді іріктеу, орналастыру және орындарын ауыстыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметшілердің арнайы міндетті тексеруден өтуі үшін құжаттарын дайындау және жіберу, жеке құрам, демалыстар мен басқа да кадрлық мәселелер бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау; мемлекеттік қызметшілердің аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу; кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өтілін айқындау бойынша комиссия жұмысына арналған материалдарды дайындайды; қызметкерлерінің жеке істерін жүргізеді, еңбек қызметіне байланысты өзгерістерді еңбек кітапшаларына енгізіп  отырады; Департамент қызметкерлерін оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарына қатысуды ұйымдастырады; Департаменттің тұрақты мәжілістерінің, жиналыстарының хаттамаларын жүргізеді; Департамент қызметкерлері жөнінде әскери есепті жүргізеді; Департамент қызметкерлерінің жұмыс уақытын белгілеу табелін жүргізеді, еңбек демалысына шығу кестесін жасайды; Департаментте, бөлімдерде мемлекеттік тілде іс жүргізуді қадағалайды; Кадр жұмыстары бойынша құжаттарды белгіленген тәртіппен Департаменттің мұрағатына тапсырады; «Е-Минфин.Кадрлық есеп», «Е-Қызмет» біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді; Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік кірістер органдарына табысы туралы декларация тапсыруын қамтамасыз етеді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының бұзылуына жол берген департаменттің лауазымды тұлғаларына қатысты материалдарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің орталық аппаратын хабардар ете отырып, құзыреті бойынша тез арада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті-Әдеп жөніндегі кеңесіне немесе құқық қорғау органдарына жолдануын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы заңнамасына, сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бекітілген ережесіне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына  (грейд 3) жатады 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.06.2026 – 26.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 MB

Сұхбаттасу күні

01.07.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-71-70-11