ҚР ҚМ МКК Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысында болу кезеңіне 25.06.2028ж., негізгі қызметкердің демалыстан аякталғанға дейін жумыска шығу құқығын ескере),

Мемлекеттік орган

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Салық төлеушінің салық міндеттемесін, салық агентінің - Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттерді орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды есептеудің толықтығы мен уақтылы төленуін, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың уақтылылығын бақылау. Камералдық бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге хронометраждық тексеру жүргізу. Салық төлеушіге тақырыптық және қарсы салықтық тексеру жүргізу. Құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру. Салық кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану. Ақпараттық жүйелерді енгізу, сүйемелдеу, деректер базасының ақпараттық жай-күйін бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ дербес шоттардағы өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларының және есептілікті жасаудың есептелген (есептелген, азайтылған) және төленген (есептелген, қайтарылған) сомаларының есебін жүргізудің дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру. Салық төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу. Салық төлеушінің (салық агентінің) Дербес шотын басқа мемлекеттік кіріс органына беру. Салықтық емес түсімдерді, қате төленген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару. Басқару бөлімдерін қамтамасыз ету және бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің түсуі мен есептелуі бойынша қажетті ақпаратқа басшылық жасау. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері мен артық төлемдерін талдау. Салық басқармасы қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда белгіленген тәртіппен салық басқармасының мүдделерін білдіру. Салықтық бақылауды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде салық басқармасының қызметін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету. Басқарма басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындау. Талап қою жұмысын жүргізу. Кадр жұмысын жүргізу

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.06.2026 – 25.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

29.06.2026

Сұхбаттасу орны

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 21а, 307 кабинеті, Zoom қосымшасы арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2) 72-11-87