ҚР ҚМ ММЖК Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының бас сарапшысы, С - 4 санаты (1 бірлік) негізгі қызметкердің 2027 жылғы 28 наурызына дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
Астана қаласы
380392
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
"А" функционалдық блок
Республикалық меншік объектілерін жекешелендіру туралы шешімдердің жобаларын әзірлеу, объектілерді жекешелендіруге дайындау, республикалық меншік объектілерін сатып алу-сату шарттарын және сатылған объектілерді сатып алушылардың меншігіне қабылдап алу-беру актілерін дайындау, республикалық меншік объектілерін сатып алу-сату шарттары бойынша сатып алушылардың міндеттемелерді орындауын бақылау бойынша жұмысты жүзеге асыру; Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қаржы министрлігінің және Комитеттің басшылығы берген тапсырмаларды белгіленген тәртіппен және мерзімде орындау; заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншік объектілерінің нарықтық құнына бағалау жүргізу және (немесе) республикалық меншік объектілері бойынша мәмілелерді сүйемелдеу үшін тәуелсіз бағалаушылар мен консультанттарды тарту бойынша іс-шараларға қатысу; республикалық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы мен комиссияның қызметін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге және оның шешімдерін жүзеге асыруға қатысу; республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау, сондай-ақ республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сату бойынша жиынтық ақпаратты дайындау; мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; республикалық мүлікті жекешелендіру және республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сату мәселелерін реттейтін құқықтық актілерді ң жобаларын әзірлеу және жетілдіу бойынша ұсыныстар енгізу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша салалық министрліктермен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасау; заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау және жауап дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.mukanova@minfin.gov.kz
- 22.06.2026
- Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, Қаржы министрлігінің үйі
-
8 7172 71 78 46