ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы (1 бірлік, индексі ОАС-3)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы

Функционалды міндеттер

Бас маман - мемлекеттік аудитор: Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға; Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және тиісті түрде қарайды және бөлімнің құзыреті шегінде қажетті шараларды қабылдайды.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге; Мемлекеттік, атқарушылық және еңбек тәртібін, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын, Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаларын, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтайды; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада белгіленген шектеулерді өзіне алуға; Департамент басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды

тұлғалардың өз өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындайды; Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет тоқтатылғаннан кейін де заңда белгіленген уақыт ішінде жария етпеуге; азаматтардың жеке өміріне, ар-намысына және қадір-қасиетіне қатысты қызметтік міндеттерін атқару кезінде алынған мәліметтерді құпия сақтауға және заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпаратты беруді талап етпеуге;Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге; Мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері олардың өкілеттіктерімен қиылысатын немесе қайшы келетін жағдайларда Департамент басшысына дереу хабарлауға;Департамент басшылығына немесе құқық қорғау органдарына өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы дереу хабарлауға;Басшылыққа мүдделер қақтығысына ықпал ететін шарттар туралы хабарлауға; «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға, Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына және Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес сәйкестік аудитін жүзеге асыруға: бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесін, қаржылық-экономикалық негіздемесін және сметалық құнын түзетуге байланысты шығыстарды; республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздар алу шарттарын сақтауын, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша мемлекеттің кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің, депутаттық сұрау салулардың, сондай- ақ ақпараттық жүйелер деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша; мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, бюджеттік кредиттер беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік

міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру, сондай-ақ оларды пайдалану мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау;Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздар беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуы; тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамасының сақталуы; Қажет болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептіліктің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің жыл сайынғы аудитін тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізу; Қажет болған жағдайда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудитті жүзеге асыруға;. Қажет болған жағдайда тексеруге мамандар ретінде қатысуға және құзыреті шегінде қорытынды беруге; Қажет болған жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тәуелсіз байқаушысы ретінде қатысу. Қажет болған жағдайда жария мүдделі ұйымдар депозитарийге ұсынатын қаржылық есептілікке мониторинг жүргізуге; Ішкі аудит нәтижелері туралы есепте берілген ұсынымдарды және мемлекеттік аудит объектісі мен өзге де мүдделі тұлғалар жіберетін растайтын құжаттарды қарау нәтижелері туралы ақпаратты уақтылы және толық ұсыну мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыруға; Мемлекеттік аудит объектілеріне жіберілетін, қалпына келтіруге және өтеуге жататын анықталған бұзушылықтарды жоюға арналған нұсқамалардың толық және уақтылы орындалуына және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарауға бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;. Талап арыздар жасайды және оларды сотқа жібереді, аудиторлық іс-шараларға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ аудит материалдары бойынша әкімшілік іс жүргізуге шағымданған жағдайда және аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы заңсыз деп тану туралы Департаменттің талап-арыз жұмысына қатысады; «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға сәйкес жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша қаржылық бақылау шараларын уақтылы және тиісінше қабылдауды қамтамасыз ету; Департаменттің жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөліміне жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің ақпараты мен материалдарын/құжаттарды қоса бере отырып, бірінші деңгейдегі сапаны бақылауды жүргізу үшін маманның қорытындысын ұсынады;Департаменттің рейтингтік бағасын қалыптастыру үшін ақпарат береді;. Тәуекелдерді басқару жүйесіндегі жұмысты жүзеге асырады, ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерін/маманның қорытындыларын "Қаржылық бақылау. «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің тәуекелдерді басқару жүйесі, сондай-ақ ТСОП бағдарламасында аяқталған аудиторлық іс-шаралар бойынша талондарды уақтылы жабу; Қызметті қамтамасыз ету бөліміне аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларға салынған әкімшілік айыппұлдың сомасын бюджетке өтеу жөнінде ақпаратты уақтылы ұсынуға; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттамасын сақтауға; Департаментте ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру; Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүзеге асырады, конференцияларда жариялау және сөз сөйлеу үшін мақалалар, сондай-ақ Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Web-сайтында орналастыру үшін материалдар дайындайды; Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің шолу хаттарын және Департамент қызметкерлеріне қатысты БАҚ-та жарияланған теріс фактілерді және Департамент өткізетін басқа да іс-шараларды талқылауға қатысады; Белгіленген тәртіппен Департамент мұрағатына тапсыру үшін аудит материалдарын қалыптастырады; Қазақстан Республикасының заңнамасында, Республика Президентінің актілерінде, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде, Департаменттің ішкі құқықтық актілерінде және Департамент туралы ережеде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "A" функционалдық блогына жатады

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.06.2026 – 10.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

15.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Женіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 71 76 08