Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Cалық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы.
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Жамбыл облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Кеден ісі туралы» Кодекстерін, Еңбек Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Тиісті лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда: сәйкесті мамандығы бойынша меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі. Жеке компьютерде MS Word, MS Excel бағдарламалары бойынша, Интернетпен, интранет-порталмен, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен және электрондық почтамен жұмыс істей алу.
Функционалды міндеттер
А-Блогы Бекітілген регламент пен стандарттарға сәйкес салық төлеушілерге мемлекеттік қызметтерді көрсету, салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету, есептілік мәліметтеріне талдау жүргізу, салық төлеушілердің тапсырған есептіліктерін дербес шоттарына толық отырғызу. Салық төлеушілерге салық заңдылықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау. Бекітілген салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша болжам сомаларының орындалуын қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер арқылы салық төлеушілерден салық есептіліктерін қағаз және магниттік тасығышта қабылдау және енгізу. ҚР салық және басқа да заңдылықтарын бұзған салық төлеушілерді әкімшілік жазаға тарту . Ішкі тәртіп талаптарын, этика, мемлекеттік қызметшінің Әдеп Кодексін, еңбек және орындау тәртібін сақтау. Ақпараттық-талдау жұмысының түрлері мен әдістерін және мониторингті білу. Салық төлеушілердің тапсырған барлық салық есептеліктеріне камералдық бақылау жасау, кемшіліктер анықталған жағдайда салық төлеушілерге хабарламалар шығару және қосымша салық есептеліктерін тапсыртуға жауапты. Салық төлеушілердің тапсырған салық декларацияларына камералдық бақылау жасау, жұмыстарын залалмен аяқтаған салық төлеушілерге талдау жасау, мемлекеттік сатып алу бойынша салық төлеушілерге талдау жасау және мәжбүрлі түрде таратылатын салық төлеушілермен жұмыс атқару. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап береді. ҚР салық заңдылығы нормаларының дұрыс қолдану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар мен қаулыларды заңға сәйкес жүргізу
Өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіру жұмыстарын жүргізу, заңды және жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдер бойынша бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету, өндірістік емес төлемдер бойынша уәкілетті органдардың және салық төлеушілердің бет есептеріне камералдық тексеру жүргізу.Бекітілген салық төлеушілердің барлық салық есептіліктерін уақытылы тапсыруын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.06.2026
- Жамбылская область, Жуалынскии район, село Б.Момышулы, улица Парасат 1А
-
8(72635)2-12-93