ҚР ҚМ ІМАК Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Басшысы орынбасары, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне 26.03.2029ж.. "А" блогі, Р-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі; 

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

"Мемлекеттік аудитор" біліктілігі бар мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы

Функционалды міндеттер

Департаменттің жетекшілік ететін бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру және қызметін үйлестіру; бюджеттік инвестициялық жобаларының сметалық құнының артуына байланысты шығыстардың қаржылық есептілік аудитіне, сәйкестік аудитінұйымдастыру және жүргізу; республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану; мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау; бюджеттік кредиттер беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыру, сондай-ақ оларды пайдалану; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерін сақтау;Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік мүлік туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет заңнамаларын сақтау; бірінші деңгейдегі сапа бақылауын жүргізуді ұйымдастыру; сапа бақылауы қорытындыларын бекіту; мемлекеттік аудит және камералдық бақылауды сапалы жүргізуді ұйымдастыру; «Басқару» стандартын жүзеге асыру, мемлекеттік аудит материалдарын одан әрі іске асыруды бақылауды жүзеге асыру, ҚР Қаржы министрлігінің және Комитеттің тапсырмаларын сапалы орындау; ТБЖ/ҚБ АЖ-не тексеру материалдарын уақтылы енгізілуіне, мемлекеттік аудит материалдарын кейіннен іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына  (грейд 7) жатады 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.06.2026 – 08.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

11.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-71-70-11