Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС аудиті және әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, МКД-10-1-6, А функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асыру; Жанама салықтарды әкімшілендіру жөніндегі салық заңдарының орындалуын бақылау; Салық заңдылығымен жұмыс жүргізу бойынша ҚҚС бөліміне ұсыныстар ұсыну; ҚР ҚМ МКК тапсырмаларын орындау; ҚҚС сомаларын қайтару талаптары сұрақтары бойынша бақылау жүргізу; Салықтөлеушілерді тексеру үшін ҚҚС артық сомасын қайтару таларптары бойынша дұрыстығын растау, сонымен қатар ҚҚС төленуінің және есептелуінің дұрыстығын салықтық тексеруге қатысу; Салық заңдылығын бұзған салық төлеушіге әкімшілік іс-әрекет шараларын қолдану үшін материалдар дайындау, салық төлеушіге қабылданған қаулының есепке алынуын және орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Салықтық тексеру қорытындысы бойынша арыздарды қарау үшін сот отырысына қатысу; Салықтық тексеру нәтижесімен есептелген түсімдер салық сомасы, төлемдер, өсімпұл, айыппұлдардың уақытында түсуіне бақылау жүргізу; Сатушы мен жеткізуші бойынша «Пирамида» аналитикалық есебін қалыптастыру; «Пирамида» есебі бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда жеткізушілерге басқа мемлекеттік кіріс басқармаларына қарама-қарсы тексерулер жүргізу туралы сұраныстар жіберу; Дебеттік сальдоны жасанды өсіруді болдырмау мақсатында ҚҚС-ның асып кеткен сомасын қайтару туралы талаптарды ұсынған салықтөлеушілер бойынша камералды бақылау және талдау жүргізу; мемлекеттік кірістердің аумақтық басқармаларына қажетті консультациялық және әдістемелік көмек көрсету; бекітілген есептіліктің уақтылы жасалуын қамтамасыз ету; Департаменттің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдарын дайындауға қатысу; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру; мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын ақпаратты жария етпеу, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты сақтау; құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау; қарауындағы мемлекеттік меншігіне ұқыпты қарау, оны тиімді пайдалану; Департаментінің ішкі еңбек тәртіп ережесін сақтау; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.05.2026 – 29.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 Mb

Сұхбаттасу күні

02.06.2026

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Абай алаңы 3 үй, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтын бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

8(7222) 56-83-73