«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Әкімшілік басқармасының қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік), индекс ГДУ-04-1-1

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асыру; бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін, сондай-ақ олардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындау; бөлім басшылығының тапсырмаларының, бөлімде орындалып жатқан бақылау және өзге де құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру және жұмысты ұйымдастыру; бөлімге келіп түсетін құжаттаманың жедел қаралуын қамтамасыз ету.

Есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру. Басқарманың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және сенімді ақпарат ұсыну.

Бухгалтерлік есеп шоттарында жүзеге асырылатын барлық шаруашылық операцияларды бақылау және көрсетуді қамтамасыз ету, жедел ақпарат беру, белгіленген мерзімде қаржылық есептілік жасау.

Жартыжылдық, жылдық қаржылық есептер (баланстар) жинағын жүзеге асыру.

Мемлекеттік мекеме басшысымен немесе ол уәкілеттік берген тұлғамен бірлесіп, материалдық құндылықтар мен ақша қаражатын қабылдау және беру үшін негіз болатын банктік құжаттар мен құжаттарға, сондай-ақ қаржылық міндеттемелерге қол қою.

Басқарманың жұмысын ұйымдастыру-ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын үйлестіру және бақылау; бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың заңдылығын сақтауын бақылау.

Нормативтік құқықтық актілерде көзделген және Басқарма басшылығының тапсырмаларына сәйкес оған жүктелген өзге де міндеттерді орындау; басқарма басшылығы өткізетін кеңестерге қатысу.

Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғау, қызметтік міндеттерін атқару кезінде алынған мәліметтерді сақтау және жария етпеу жөніндегі талаптарды орындау.

Өзінің лауазымдық міндеттерін, Еңбек және атқарушылық тәртібін орындау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.05.2026 – 25.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мб

Сұхбаттасу күні

29.05.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Жеңіс даңғылы 11, техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі («ZOOM» бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8/7172/71-81-72