Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты, 1 бірлік, А блогы.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі; 

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттарының болғаны жөн.

Функционалды міндеттер

Бюджетке түсімдер мен табыстарды, мемлекеттік мекемелердің шоттарына түсімдердін есепке алу, кассалық шығыстарды қалпына келтіру,  жергілікті бюджеттерді қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мемлекеттік мекемелерді жеке қаржыландыру жоспарын жүргізу, мемлекеттік мекемелердін шарттарың тіркеу, төлемдері өткізу жұмыстарын ұйымдастыру. Бекіткен нысандары бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есептерді уақытылы қалыптастырылуына және мұқият салыстырылуына бақылауды жүзеге асыру. Ақпараттың қауіпсіздігін және ақпараттық жүйенің пайдалануын қамтамасыз ету жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік қызанышылық органдарында қауіпсіздік шараларын қадағалауға бақылауды жүзеге асыру. Бюджетті атқару бойынша операцияларды жүргізу және есепке алу жөнінде Мемлекеттік қызанышылық комитетінің құрылымдылық бөлімшелерімен, уәкілетті органдарымен және мемлекеттік мекемелермен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.04.2026 – 28.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

04.05.2026

Сұхбаттасу орны

г. Астана, проспект Жеңіс, 11 либо посредством дистанционных средств видеосвязи (ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

87172718417