ҚР ҚМ ІМАК Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, № ООД-1 индексі, "В" блогы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және қызметіне жалпы басшылық жасау.  Бөлім құзыреті шеңберінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау. Ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі тәртіп ережелері мен жұмыс регламентінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Комитет пен Департамент тапсырмаларының орындалуын және құжат айналымын бақылауды жүзеге асыру. Ақпараттық бағдарламалық жүйелермен (EPS, «eQyzmet», «БҚА Documentolog электрондық бұлтты құжат айналымы жүйесі», «е-Өтініш», «е-Мұрағат», ӘІЖБТ, ТСОБТ) қамтамасыз ету. Департаменттің іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету. Департаментпен өткізілетін кеңестердің, семинарлардың ақпараттары мен материалдарын дайындауға қатысу. БАҚ-пен жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік тілдегі құжат айналымына байланысты іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ мемлекеттік тілді насихаттау, тиісті есептілік пен мәліметтерді ұсыну. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындау бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Бөлім қызметкерлерінің қызметіне бағалау жүргізу.  Сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша деректерді жинауды және талдауды қамтамасыз ету, олардың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды әзірлеу. Департамент қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бөлім қызметкерлерінің қызметіне бағалау жүргізу және басқа да міндеттер. Департаменттің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуды ұйымдастыру бойынша жұмыс. Департамент қызметкерлеріне қатысты олардың заңдылықты, еңбек және атқарушылық тәртіпті, төтенше оқиғаларды бұзу, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасау фактілері бойынша қызметтік тергеулерді жүргізуге қатысу. Бюджеттік өтінімдер дайындау. Мемлекет ішінде іс-сапар шығындарын есептеу. Алматы қалалысының статистика департаментіне және Алматы қаласы бойынша кірістер департаментіне тиісті есептер даярлау, өткізу. Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану және алып тастау туралы ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу. Комитет пен Департамент басшылығының тапсырмаларын және басқа да міндеттерді орындау.

Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "В" функционалдық блогына (грейд 4) жатады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.04.2026 – 29.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 71-78-10